30
ноябрь
2023
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 165 ЖЫЛ

📚Аты аңызға айналған бабаның қазақ руханияты мен мәдениеті үшін қалдырған мұрасы мол. Ол өз шығармаларынан бөлек қазақтың ертеректегі аңыз, жыр дастандарын, жыраулардан қалған дүниелерді де кейінгі ұрпаққа жеткізіп кетті.
📚№157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінде 5-10 сынып оқушыларымен «Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.
Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру , озық ойлы өлеңдерін оқыту, адамгершілік діни ойға тәрбиелеудегі рөліне баға беру мақсатындағы сабақта оқушылар ақын шығармашылығын жарыса жатқа айтты. «Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп» тақырыбында презентация жасалып, қорғалды. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы жайлы ой-пікірлерін білдірген оқушылар ақын шығармаларынан үзіндіден жатқа айтты.
Өмірден өзі озса да артына өлмес мұра қалдырған қасиетті Мәшһүр Жүсіп бабамыздың бізге қалдырған өшпес мұрасы көп. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдері мен толғаулары, дастандары мен қиссаларын жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. «Салған мені бейнетке ғылым-білім» деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, «Мәшһүр» атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз.