03
ноябрь
2021
Жарайсыңдар, аяулы шәкірттер!
Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда, "ер адам" құрметті атағын ақтай білуге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсінді және соны халыққа жеткізе білді. Жас ұрпақ та ақын шығармашылығын ұлықтаған абзал. Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары, "Жас ұлан ұйымы" мүшелері Ыбырай атамыздың өлеңдерін нақышына келтіріп орындады.