03
ноябрь
2021
Берекелі алтын күз
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың бүгінгі тәрбиесі кезек күттірмейтін мәселе. Олардың тәлімі мен тәрбиесі, білімі мен білігі, өнері мен дағдысы барлығы еліміздің ертеңін жарқын ету үшін маңызды рөл атқарады. Сол себепті жас жеткіншектердің тәрбиесін әу бастан қолға алып, олардың бойына отансүйгіштік пен ержүректілікті үйретуге тиіспіз. Осы мақсатта Шиелі ауданы, Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектепте 8-10 сыныптар арасында "Берекелі алтын күз" іс-шарасы онлайн форматта өтті. Айта кетейік, аталған іс-шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Барлық сынып оқушылары өз шама-шарқы келгенше белсенділік танытып, қатысқан шара өте тартысты өтті. Тіпті мектеп мұғалімдерінен құралған әділ-қазыларға жеңімпаздарды анықтау да оңай болмады. Дегенмен, топтан озған даралары анықталатыны ақиқат. Нәтижесінде I орынмен 8"в" сынып оқушысы Көшербай Диана, II орынмен 9"а" сынып оқушысы Амангелді Әсем, III орынмен 8"б" сынып оқушысы Рахметоллаева Талшын марапатталды. Алтын күздің кереметін сезіндірген мереке болды деп ауыз толтырып айта аламыз.